Түркістанның 76 жастағы тұрғыны үйінің ауласында есірткі өсіріп, сатумен айналысқан. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр. Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген рейдтік шара барысында 1940 және 1976 жылы туған екі күдікті қолға түскен.
Ұсталған түркістандық тұрғындардың үйіне жүргізілген тексеру барысында өсіп тұрған 5 түп қарасора мен кептірілген марихуанаға ұқсас есірткі заты табылып, тәркіленіп алынды.
Сот-криминалистикалық сараптамасының қорытындысына сәйкес, табылған заттардың жалпы салмағы 135 граммды құраған кептірілген, 20 граммды құраған кептірілмеген «марихуана» есірткі заттары және 5 түп «қарасора» есірткі өсімдігі екені анықталды.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабымен «Құрамында есірткі заты бар тыйым салынған өсімдіктерді егу» қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.