$ 445.66  474.58  4.78

Бүгін iPhone 7 смартфондарының тұсауы кесіледі

Apple компаниясы бүгін жаңа iPhone 7 смартфондарының тұсауын кеседі. Презентация 7 қыркүйекте Астана уақытымен 23:00-де Сан-Франциско қаласында өтеді деп күтілуде.

Жаңа гаджеттің тұсаукесер рәсіміне 300-ге жуық қонақ шақырылған. Ал, Apple өнімдерінің өзге тұтынушылары салтанатты шараны интернет арқылы тікелей эфирден тамашалай алады. iPhone 7 смартфонынан бөлек бұл күні MacBook Pro 2016 ноутбуктары мен Apple Watch 2 "ақылды" сағаттарының да таныстырылымы өтеді.

Жаңа смартфон үш түсте шығарылады (алтын, сұр және қызғылт түсті). Бағалары да үш түрлі болмақ: қолжетімді, қымбат және эксклюзивті.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде iPhone 7-нің сипаттамасы жарияланып кеткен болатын. Ол мәліметтерге сенсек, гаджеттің экраны 4,7 дюйм және 1334х750 пиксель болады. Сондай-ақ, 2 гигабайтты негізгі жады, Apple A10 процессоры және 12 мегапиксельді камерасы бар.

Алдын ала болжам бойынша, жаңа смартфондардың бағасы 795 доллардан басталып, 1,3 мың долларға дейін жетеді (жадына байланысты). Дегенмен, жаңа iPhone-ның нақты бағасы бүгін өтетін презентацияда жария етілмек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары