$ 446.49  475.38  4.79

Бұрынғы жігітінен кек алмақ болған бойжеткен шатасып, өзгенің көлігін өртеп жіберді (ВИДЕО)

Флорида штатының Клируотер қаласында (АҚШ) ажырасқан жігітінен кек алмақ болған бойжеткен қыз шатасып, өзге біреудің көлігін өртеп жіберді. "Кек алу" сәті жазылған бейнематериалды жергілікті полиция департаменті өзінің Фэйсбуктегі парақшасында жариялаған.

Видеороликте жас қыздың жол бойында тұрған Honda көлігінің жүк салғышын өртеп жатқан сәті анық көрінеді.

Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері 19 жастағы Кармен Шамбли есімді жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Ол тәртіп сақшыларымен әңгіме барысында қылмысын мойындап, жігітінен кек алу үшін осындай қадамға барғанын айтып берді. Ұсталған бойжеткенге біреудің мүлкін бүлдірді деген айып тағылып отыр. Ал, өртенген көліктің кімге тиесілі екені айтылмауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары