АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында Apple компаниясы iPhone 7 және iPhone 7 Plus смартфондарының тұсауын кесті. Жаңа гаджеттер алғаш рет су және шаң өткізбейтін корпуспен шығарылған. Процессоры аса қуатты смартфонның камерасы 12 мегапиксельді және алты қабатты линзамен жабдықталған.
Компанияның басты жаңалығы - әдеттегі құлаққабының болмауы. Оның орнына AirPods деп аталатын жаңа гарнитура ұсынылып отыр. Яғни, сымсыз құлаққап. Оның жеке бағасы 159 АҚШ долларын құрайтын болады.
Жаңа iPhone-ның аккумуляторы бұған дейінгі модельден қуаттырақ, ол 2 сағатқа артық жұмыс істейді. Егер гаджетте Wi-Fi қосулы болса - 14 сағат, ал егер 4G нүктесі арқылы интернетке қосылса 12 сағат жұмыс істейді. iPhone 7 Plus смартфоны болса кез-келген интернет көзімен 15 сағат бойы жұмыс істейтін қуатқа ие.
Аса қуатты Apple A10 процессорының көмегімен iPhone 7 смартфоны iPhone 6s смартофндарына қарағанда 40%-ға жылдам ойланады. Ал, жаңа гаджеттердің сатылымы 16 қыркүйекке жоспарланған. iPhone 7 гаджетінің бастапқы құны — 649 доллар, iPhone 7 Plus-тің бастапқы бағасы — от 769 доллар.