$ 499.51  525.83  4.62

Шымкентте жол ережесін өрескел бұзған той кортежінің жүргізушілері жазаланды (ВИДЕО)

Оңтүстікқазақстандық полицейлер Шымкент қаласында жол жүру ережесін өрескел бұзған той кортежінің жүргізушілеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Естеріңізге салар болсақ, 2016 жылдың 7 қыркүйегінде әлеуметтік желілер мен ақпараттық агенттіктерде «Оңтүстік Қазақстан облысында той кортежі қатысушыларының бассыздығы» деген тақырыппен «Шымкент-Ленгір» тас жолында орын алған той картежі жүргізушілерінің жол жүрісі ережелерін өрескел бұзғандығы түсірілген бейнеролик жарияланған болатын.

ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің өкілдері аталған жайтқа қатысы бар жүргізушілердің жеке тұлғасын анықтады. Олар 1993 жылы туған Шымкент қаласының төрт тұрғыны және 1987 жылғы Ақтөбе облысының тұрғыны екені белгілі болды.

Полицейлермен «Лада приора» автокөлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабының 1-бөлігімен «Апаттық жағдай тудыру», «БМВ» автокөлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің екі бабымен: 593-баптың 1-бөлігі «Жолаушылар тасымалдау ережелерін бұзу» және 606-баптың 1-бөлігі «Апаттық жағдай тудыру», ал «Мерседес Бенц-280» және «Мерседес Бенц» маркалы автокөлігінің жүргізушілеріне ҚР ӘҚБтК 614-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ «Крайслер» автокөлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктер айыптұраққа жөнелтілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары