$ 449.58  486.94  4.86

Өзбекстанды уақытша премьер-министр басқарады

Өзбекстан парламенті премьер-министр Шавкат Мирзиёевті президенттің міндетін уақытша атқарушы етіп тағайындады. Бұл туралы BBC News хабарлап отыр.

Мирзиёевтің кандидатурасы Заң шығарушы палата мен Сенаттың бірлескен отырысы барысында бекітілген. Қос палатаның депутаттары Мирзиёев кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Айта кетейік, осы аптаның сейсенбісінде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен өзбек премьері Өзбекстан Республикасының осы алған бағыттан айнымайтынын мәлімдеген болатын. Ал, Ресей болса өзбек елінің стратегиялық серіктесі болып қала береді деп сендірді.

Естеріңізге салайық, Өзбекстанды 25 жылдан астам уақыт басқарған Ислам Каримов 2 қыркүйек күні миына қан құйылып қайтыс болған еді. "Ферғана" порталы мен "Азаттық" радиосының тілшілері оның 27 тамызда-ақ көз жұмғанын хабарлаған. Алайда, ресми Ташкент бұл ақпаратты растамады.

Каримов 3 қыркүйек күні Самарқан қаласындағы Шахи-Зинда тарихи кешенінің аумағына жерленді. Бұл жерде оның анасы мен туған бауырлары да жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары