$ 498.55  524.28  4.75

ОҚО-да Тамыз кеңесінде үздік мұғалімдерге пәтер кілті табысталды

«Биылғы оқу жылы – Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келіп отыр. Демек, биылғы оқу жылы да ерекше, жемісті болуы тиіс». Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Шымкентте өткен «Білімді ел - мәңгі ел» тақырыбындағы облыстық тамыз педагогикалық кеңесінде осылай деді.

Конференция барысында жаңа 2016-2017 оқу жылына қойылған міндеттер мен мақсаттар баяндалды. Айта кетейік, өткен оқу жылында облыста 584 мыңнан аса оқушы білім алса, 2016-2017 жаңа оқу жылында 611 мың оқушы білім нәрімен сусындайды деп күтілуде.

Биылғы жылы облыста Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 25 мектептің есігі оқушылардың алдында ашылатынын мәлімдеген өңір басшысы 2016-2019 жылдар аралығында 177 мектепке дейінгі білім ұйымдарын ашу жоспарда екенін айтып өтті.

Педагогтар кеңесі кезінде білім саласында үздік жетістіктерге жетіп, біліктілігімен ерекшеленген Мұстафаева Жанар Азаматқызы, Тургунова Муккарам Толяшқызына 2 бөлмелі, ал Баймаханов Бағлан Сансызбайұлына 3 бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Осынау қомақты көмек ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналатыны да айтылып өтті.

Сондай-ақ, бірқатар ұстаздар министрліктің және облыс әкімінің алғыс хатымен және «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төс белгісімен марапатталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары