$ 447.4  477.55  4.76

Шымкентте ірі жол апатынан екі адам көз жұмды

Шымкентте елдімекендер арасында қатынайтын қоғамдық көлік пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 2 адам қайтыс болып, 8 жолаушы жараланды деп хабарлайды жергілікті TVK телеарнасы.

Оқиға 10 қыркүйек күні кешке Шымкент-Ташкент тас жолының бойында орын алған. Сағат 20:00 шамасында жол жиегінде тұрған «Хьюндай Старекс» жолаушылар көлігіне 40 тонналық үлкен жүк көлігі келіп соқтығысқан. Оқиға болар сәтте минивэн салонында 11 адам болыпты. Олардың екеуі сол жерде көз жұмса, тағы сегіз адамды жедел жәрдем көлігі жақын маңдағы ауруханаға жеткізген.

Тәртіп сақшылары бұл жайт бойынша әлі ешқандай ақпарат берген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары