$ 447.4  477.55  4.76

Әлемдегі ең қымбат шайнек 3 млн долларға бағаланды

Лондонда әлемдегі ең қымбат шайнек сатылымға шығарылды. Luxurylaunches порталының хабарлауынша, бағалы ыдыстың бастапқы құны 3 миллион долларды құрайды.

Egoist деп аталатын алтын шайнекті италиялық Scavia фирмасы асыл тастардан жасаған. Ол үшін 1,6 мыңнан астам бриллиант пен 388 рубин тасы жұмсалыпты. Шайнектің дәл ортасында салмағы 6 карат болатын рубин орналасқан. Оның қақпағы да ірі асыл таспен көмкерілген.

Аса бағалы ыдыс Chitra деп аталатын коллекцияның бір бөлшегі ғана. Коллекцияның құрамы осы тектес бағалы 1700 асүй жабдықтарынан тұрады. Олардың қатарында Уинстон Черчильдің қызына тиесілі күміс шай сервизі мен Қытайдың Сун династиясынан 1816 жылы Людовик XVIII патша сатып алған ыдыс-аяқтар бар.

Бұған дейінгі ең қымбат шайнектің құны 2 миллион долларды құрайтын. Ол 2007 жылы Sotheby's аукционында сатылған. Бағалы ыдыс Бірінші Елизавета ханшайымға тиесілі болыпты. Кейін ханшайым оны 1603 жылы өзінің ізбасары Генри Парриге сыйлаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары