$ 447.4  477.55  4.76

ОҚО жастары «Ninety One» тобының концертін Шымкентте өткізбеуге бекініп отыр (ВИДЕО)

Оңтүстік Қазақстан облысында бір топ жас азамат атышулы «Ninety One» тобының концертін Шымкентте өткізуге қарсылық білдірді. Арнайы видеоүндеу әзірлеген жастар топ әншілерін азғындықты насихаттап жүр деп айыптауда.

Шымкенттегі «Тәуелсіздік» саябағына жиналған 30-ға жуық қыз-жігіт аталған концертті өткізбеуге бар күшімізді саламыз дейді.

- Топтағы жігіттер қазақ деген атқа лайық емес.

- Олардың сырт келбетінің өзі-ақ жастарды азғындыққа тәрбиелейді.

- Тоқсан бір деген атқа лайық емес. Біз оларға түбегейлі қарсымыз, - дейді жиналған жастар.

Жігіттен гөрі қыздарға қатты ұқсайтын топ әншілеріне белгілі әнші-термеші Заттыбек Көпбосынұлы да қарсылығын білдірді.

Біз де сол наразылықтың ішінде бар азаматтардың біріміз. Қазақ өнері дәл сондай деңгейде былғанбауы керек», - дейді танымал әнші ОҚО жастарына қолдау көрсетіп.

Естеріңізге салайық, бұған дейін айтыскер-ақын Ринат Зайытов та «Ninety One» тобын өткір сын астына алған болатын. Ол шашын бояп, сырға таққан әншілерді көргенде жүрегі айнып, құсқысы келетінін жасырған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары