$ 498.55  524.28  4.75

Түркіменстан президенті елді өмірінің соңына дейін басқаруға ниеттеніп отыр

Түркіменстан парламенті 13 қыркүйек күні жаңа конституцияны қабылдады. Бұған дейінгі заңдар жинағында президент елді 70 жасқа дейін басқара алады деген шектеу болатын. Енді жаңа заңнан бұл шектеу алынып тасталынды. Сондай-ақ, президенттік мерзім 5 жылдан 7 жылға дейін созылып отыр деп жазады РИА Новости.

Жаңа конституцияны мәжіліс бірауыздан қабылдаған. Дауыс беру рәсімі Түркіменстан Ақсақалдар кеңесінің жиынында өткізілді. Президент Гурбангулы Бердімұхамедов болса заңға көп ойланбастан қол қойып, ол артынша күшіне енген.

Ескі конституцияға сәйкес, президенттік сайлауға түсетін үмікердің жас ерекшелігі 40-тан төмен емес және 70-тен аспауы тиіс. Сондай-ақ, ол Түркіменстан Республикасының азаматы болуы тиіс.

«Түркіменстанның жаңа конституциясының қабылдануы елдің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуына өз септігін тигізеді. Түркіменстанның жаңа конституциясы халықаралық заңнамалық тәжірибелерге сүйене отырып әзірленген», — деді Г.Бердімұхамедов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары