$ 494.87  520.65  4.91

Сенат жерді жеке меншікке беруге қатысты мораторидің ұзартылғанын растады

Сенаттың жалпы отырысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке беру бойынша енгізілген мораторийді 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту ұсынылды.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Сенаттың жалпы отырысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке беру бойынша енгізілген мораторийді 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту ұсынылды, деп хабарлайды ЭК.

"Заң жобасының негізгі өзгерістері мен толықтыруларына тоқталсақ, қазақстандықтарға және қазақстандық заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 49 жылға дейінгі мерзімге жалға беру, жалға алу мерзімі аяқталған кезде оны жаңа мерзімге ұзарту құқығын беру, сондай-ақ мемлекеттен сатып алмай, жер пайдаланушылар арасында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жалдау құқығын иеліктен шығару. Бұл ретте, оларды пайдалану мерзімі кемінде 5 жыл, сондай-ақ жер қатынастары органдарын хабарлау міндетті шарт болып саналады", — деді Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.

Заң жобасындағы негізгі міндеттер:

  • Жер ресурстарын басқару комитетіне жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау функцияларын әкімдіктерден қайтару;
  • ауыл шаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатын "бақ шаруашылығы" және "саяжай құрылысына" өзгертуге тыйым салу;
  • жер беру комиссиясының хаттамалық шешіміне шағымдану мерзімін белгілеу бойынша нормаларды нақтылау;
  • халықтың мұқтажын қанағаттандыру мақсатында, жергілікті жағдайларды ескере отырып, жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарларда, қажетті жайылым алқабының шекарасын айқындау;
  • берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері туралы мәліметтерді мемлекеттік жер кадастрының интернет — ресурсында ашық түрде орналастыру;
  • ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қазақстандықтарға жеке меншікке беруге мораторийдің қолданылу мерзімін 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары