$ 498.34  519.72  4.85

«Логикасы жоқ билiк!»: Нұрболхан Шарапов мәжбүрлі вакцинацияға қатысты пікірін білдірді

Былтыр адам қырылғанда антиваксерлер болған жоқ. Ол кезде кiм кiнәлi болды? Билiк? Коронавирусқа деп қаншама триллион жұмсадың. Қайда нәтиже?
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Атышулы танымал әзілкеш Нұрболхан Шарапов Instagram-дағы парақшасында мәжбүрлі вакцинацияға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

- Логикасы жоқ билiк! Қазiр билiкке бiрдеңе айтсаң оппозиционерсiң или провокаторсың. Сонда, сөз еркiндiгi қайда? Адамның құқығы қайда? Заң қайда Конституцияға сәйкес әр адам өз ойын еркін айтуға құқығы бар. Президент: вакцинаның толық салынбай, адамдардың ауруханаға көптен түсуiне антиваксерлер кiнәлi дептi. Былтыр адам қырылғанда антиваксерлер болған жоқ. Ол кезде кiм кiнәлi болды? Билiк? Коронавирусқа деп қаншама триллион жұмсадың. Қайда нәтиже? Сол ақшамен вирусты тоқтатамын деп ойладыңдар ма? Күлкiм келедi. Айтпақшы, 6 трлн теңгенi қанша адам бөлiп алдыңдар, билiктегiлер? Одан кейiн тағы қанша ақша бөлiндi вируспен күресуге.

ВОЗ-ға қанша қарызсыңдар, мемлекет? Өз еркiңмен ештеңе қабылдап жатқан жоқсыңдар. Сыртқы күштiң әсерi мықты боп тұр. Сингапур мен Ұлыбританияң вирустан шаршады. Ендi олар коронавирусты жәй тұмау сияқты ауру деп қабылдаймыз деп шешiм шығарып, бүкiл шектеудi алып тастады. Милары iстейдi басшысының. Себебi, оларға сыртқы күш әсер етпейдi. Олар ешкiмге тәуелдi, қарыз емес. QazVac-ты ВОЗ-ға регистрация жасау үшiн қанша төлейсiңдер? Медицина - бизнес боп кеттi! Это ФАКТ! Оны бiлiп тұрсаңдар да мойындағыларың келмейдi.

Халайық, мынаны ескерiңiздер, вакцинаға қарсы боп жатқан тек бiздiң ел ғана емес. Көздi ашып қараңыздар жан-жаққа. Сауатты болайық. Сауатсыз болғаннан кейiн мәжбүр боп жатырмыз. Өз еркiмен салдырғандар, сендерге қатысты емес бұл пост. Өтiп кете берiңдер! Бұл мәжбүрленiп жатқандарға қатысты. Жұмыстан айырылмайық деп отбасыңды асырау үшiн салдырдыңыздар вакцинаны. Ендi не iстейсiздер? Балаларыңызға да салдырасыздар ма? - деп жазды Нұрболхан Шарапов. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары