$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан спортшылары Олимпиаданың бірінші аптасында қанша табыс тапты?

Қазақстандық спортшылар сыйақы алу үшін Олимпиадада үздік алтылыққа ілінуі керек.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Токио Олимпиадасының бірінші аптасында қазақстандық спортшылар қанша табыс тапты? Vesti.kz порталы Олимпиадада жүлделі орын алған спортшыларың табысын есептеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстандық спортшылар сыйақы алу үшін Олимпиадада үздік алтылыққа ілінуі керек (ең төменгісі). 2 тамыз бойынша спортшылардың жалпы табысы 265 мың доллар болып тұр. Бұл әлі де көбеюі мүмкін.

Токио Олимпиадасына белгіленген мемлекеттік сыйақының алдын ала тізімі: 

Алтын - 250 мың доллар.
Күміс - 150 мың доллар.
Қола (75 мың доллар) - Елдос Сметов (дзюдо), Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло (екеуі де ауыр атлетика).
Төртінші орын (30 мың доллар) - Елена Рыбакина (теннис).
Бесінші орын (10 мың доллар) - Милад Карими (спорттық гимнастика).
Алтыншы орын - 5 мың доллар.
Айта кетейік, қазақстандық спортшылар Токио ойындарының бірінші жартысында тек үш қола медаль жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары