$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекет басшысы белгілі журналист Амангелді Сейітханның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге Facebook-те жазды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы белгілі журналист Амангелді Сейітханның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге Facebook-те жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Белгілі журналист, спорт комментаторы Амангелді Сейітханның дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтамын. Амангелді Муатқанұлы қазақ спорт журналистикасының дамуына өлшеусіз үлес қосты.

Оның есімі ел есінде мәңгі сақталып, қазақ телевизиясының тарихына алтын әріптермен жазыларына сенімдімін. Марқұмның алды пейіш, арты кеніш болсын», - деп жазылған Президенттің көңіл айту жеделхатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары