2021-2022 оқу жылында магистратураға түскен білім грантының иегерлерінің тізімі жарияланды деп хабарлайды Paryz.kz, Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік гранттар мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер, сонымен қоса Қазақстанның студенттер альянсы мен "Отандастар" қорының өкілдері кіретін республикалық комиссияның қорытынды отырысының шешімі бойынша тағайындалды.
Магистратураға білім гранты конкурстық негізде кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша берілді. Өткен жылмен салыстырғанда өтініш берушілер саны екі мыңға көбейіп, ал тестілеуге 36 мың адам қатысты, – деп хабарлады БҒМ өкілдері.
Барлық грант иегерлері құжаттарды жоғары оқу орындарына виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы 28 тамызға дейін тапсыруы керек.
Білім гранты иегерлерінің тізімімен мына жерден таныса аласыздар.