$ 498.34  519.72  4.85

ҰҚК Маңғыстау облысында әскери техника неге жүргенін түсіндірді

Оқу-жаттығулар екі кезеңде өтеді және 2021 жылдың 2 қыркүйегіне дейін жалғасады.
Фото: ҰҚК
Фото: ҰҚК

21 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Маңғыстау облысы аумағында әскери техника жүретінін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстау облысының аумағында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Терроризмге қарсы орталығының бастамасымен өткізілетін "Каспий - Антитеррор-2021" бірлескен терроризмге қарсы оқу-жаттығуы шеңберінде Шекара қызметі өз бөлімшелерін қайта топтастырып жатыр. Техника легінің қозғалысын әскери полиция алып жүреді. 

Жоспарлы оқу-жаттығулар екі кезеңде өтеді және 2021 жылдың 2 қыркүйегіне дейін жалғасады.

"Оқу-жаттығудың мақсаты - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағында терроризм актілерін дайындау белгілерін анықтау және жолын кесу кезінде күштер мен құралдарды кешенді қолдануды бірлесіп пысықтау", - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Маңғыстау