$ 443.85  474.3  4.8

Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барды

Қайсар-2021» шұғыл-тактикалық оқу-жаттығуларын көреді.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспассөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасына жазды.

Бүгін Қазақстан Президенті Алматы облысына сапары барысында «Қайсар-2021» шұғыл-тактикалық оқу-жаттығуларын көреді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы медициналық құралдар, дәрі-дәрмектер, азық-түлік және жағармай шығаратын бірқатар өндірістік кәсіпорындарды аралап, жұмыстарымен танысады.

«Ертең, 23 тамызда Мемлекет басшысы Алматыдағы резиденциясында бірқатар іс-шара өткізеді. Сонымен қатар бейнеконференция форматында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысады»,-деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары