Шығыс Қазақстан облысына қарасты Бұқтырма су қоймасында 2014 жылы туған бала суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 20 тамыз күні болған. Кейін анықталғандай, бала судың жағасында ересектердің қарауынсыз қалған.
«Баланың рұқсат етілмеген жерде шомылғаны анықталды. Құтқарушылар оның денесін 21 тамыз күні 2,5-3 метр тереңдіктен тапты», - делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.
ШҚО ТЖД тұрғындарға төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтау керек екенін ескертеді:
- балаларды үлкендердің қараусыз қалдырмаңыз;
- тыйым салынған және жабдықталмаған жерлерге шомылуға бармаңыз;
- суға кірмеңіз және қараңғы уақытта шомылмаңыз;
- суға алкогольдік немесе есірткілік мас күйде түспеңіз.
ТЖ туындаған жағдайда 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.