$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев Түркі кеңесі хатшылығының жаңа кеңсесінің ашылуына қатысты

Саммит Нұр-Сұлтан уақытымен 17:30-да басталады.
Фото: Facebook/BerikUali
Фото: Facebook/BerikUali

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі хатшылығының жаңа кеңсесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Бұл шараға Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Түрікменстан президенттерімен және Мажарстан Премьер-Министрі де қатысты.

Салтанатты рәсім аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары Түркі Кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін Ыстанбұлдың оңтүстік-шығысында орналасқан Демократия және бостандық аралына бет алды.

Саммит Нұр-Сұлтан уақытымен 17:30-да басталады.

Есе салсақ, кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін екі күндік жұмыс сапарымен Ыстанбұл қаласына келді. Мемлекет басшысының Ыстанбұл қаласына жұмыс сапары Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевпен кездесуден басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары