$ 444.22  476.38  4.82

Астанада ірі жол апаты болды (ВИДЕО)

Mercedes инерция арқылы жол бойында KIA Cerato көлігіне соқтығысқан.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Нұр-Сұлтанда жеті көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға 12 қарашада сағат 08:10 шамасында болғанын хабарлады.

42 жастағы Mercedes жүргізушісі Түркістан көшесімен Бұхар жырау көшесінен Орынбор көшесіне қарай жүріп, рулді басқара алмай, алдында тұрған алты автокөлікпен соқтығысқан. Нәтижесінде, Mercedes инерция арқылы жол бойында KIA Cerato көлігіне соқтығысқан.

"Төрт жүргізуші мен бір жолаушы дене жарақатын алып, медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның анық-қанығы тексеріліп жатыр", - деп атап өтті ведомстводан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары