Алматыда үш баланың анасы күйеуінің қолынан көз жұмды. Ер адам қашып бара жатқан жерінен ұсталды деп хабарлайды Paryz.kz.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға Ақбұлақ ықшам ауданында болған. 42 жастағы әйелдің анасы үйдегі айғай-шуды естіп, учаскелік инспекторды шақырған.
Айқай-шуды естідім, тағы балалары ойнап жүр деп ойладым. Неге екенін білмеймін, өзім кірген жоқпын. Анау шығып кетті де, жоқ болды. Артынан мен кірдім. Қызым төсекте жатыр, үстінде көрпе болды. Ұйықтап жатыр деп ойлап қалдым, - дейді ол.
Көрпені ашқанда әйелдің өлі күйінде жатқаны анықталды. Денесінде көгеріп қалған жерлер де болды.
Алатау аудандық полиция бөлімінің инспекторы Дәурен Шәпкенов күдіктіні қашып бара жатқан жерінен ұстап алды.
Мен оны Шәріп көшесінің бойынан ұстап алдым. Сосын оқиға орнына алып келдім, - деді Шәпкенов.
39 жастағы күдікті өз кінәсін мойындаған жоқ.
Мен кеткенде ол тірі болған, - дейді ол.