$ 498.34  519.72  4.85

Жолды кесіп өтпек болған 72 жастағы әйелді көлік қағып, мерт қылды

Егде жастағы әйел рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған.
Фото: azattyq-ruhy
Фото: azattyq-ruhy

Алматыда рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған 72 жастағы әйелді көлік қағып кетті. Кейуана оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды azattyq-ruhy. 

Адам өліміне әкелген жол-көлік апаты Райымбек даңғылынан төмен Механическая көшесінің бойында болған.

«Оқиға орнынан 200 метр жерде жаяу жүргіншілер өткелі бар. Бірақ, өкінішке орай, егде жастағы әйел жол ережесін елемей, жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған. Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады полициядан.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары