$ 449.58  486.94  4.86

Қызылордада жоғалған азамат екі күннен кейін елсіз даладан табылды

1984 жылы туған азамат 15 қараша күні сағат 12.00 шамасында мал қарау үшін жылқы мініп шығып кеткен.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысында жылқымен мал іздеуге шыққан 36 жастағы азамат екі күннен кейін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қызылорда қаласына қарасты Қосшыңырау ауылдық округіне қарасты Абай ауылындағы шаруа қожалығында жұмыс істейтін 1984 жылы туған азамат 15 қараша күні сағат 12.00 шамасында мал қарау үшін жылқы мініп шығып кеткен. 

«Сырдария ауданы бағытында жолға шыққан ол содан бері хабарсыз кетіп, үйге оралмаған. Жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушы мен 1 кинолог іздеуге кірісті. Іздестіру шаралары барысында ол елсіз даладан табылды. Табылған азамат жедел жәрдем қызметіне жеткізілді», - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары