Әлеуметтік желілерде бойжеткеннің тойда бір аяқпен ғана билеп жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желі пайдаланушылары биші қыздың өнеріне тәнті болған. Ең алдымен осындай батыл қадамға барған арудың ерік-жігері мен рухына таңғалыстарын жасырмады.
"Жарайсың, қызым! Рухың мен жігеріңе тәнті болдым! Денсаулық мен бақыт тілеймін! Мәссаған, екі аяғы бар менен қарағанда бір аяқпен жақсы қозғалып жүр. Жарайсың, ешқашан берілме!", – деп жылы лебіздерін білдірді желі қолданушылары.