$ 494.87  520.65  4.91

Америкалық отбасы асырап алған қазақ бала туған әке-шешесіне іздеу салды

Ол 2002 жылы ел астанасында дүниеге келген.
Фото: azattyq-ruhy.kz
Фото: azattyq-ruhy.kz

Америкалық отбасы асырап алған жігіт Қазақстанда қалған биологиялық, туған әке-шешесіне іздеу салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бауырымды да Қазақстаннан асырап алған, енді ол өзінің биологиялық әке-шешесін іздегісі келеді. Өкініштісі, оның құжатында биологиялық әкесі көрсетілмепті. Алайда шығу тегіне жүргізген тест нәтижесінен оның қазақ екенін білеміз. Оның туғанда берілген аты-жөні – Андрей Шаталин. Ал биологиялық анасының аты-жөні – Шаталина Натлья Алексеевна. Ол орыс болуы мүмкін. Шамамен 1973 жылы өмірге келген, ал бауырымды босанғанда 28 жаста болғаны белгілі. Бауырым 2002 жылдың 13-19 қазаны аралығында дүниеге келген», - деп жазды оның әпкесі Елизабет Азиз.

Ол Facebook-тегі Kazakh American Association парақшасында жазған хабарламада құжаттарға сәйкес, Андрейдің биологиялық анасының тағы бір баласы болуы мүмкін екенін айтқан.

«Бауырым Қазақстан, Астана қаласындағы Манас көшесі 8 мекенжайда өмірге келді. Ол жерде қазір аурухана бар екенін әзірге білмеймін. Биологиялық анасы босанғаннан кейін перзентханаға тастап кеткен. Ал ары қарай Астанадағы мамандандырылған балалар үйіне жіберілген. Қолымызда бар, білер мәліметіміз осы ғана», - деді ол.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары