$ 449.58  486.94  4.86

Желіде Атырау үстінен у шашылды деген ақпарат тарады

Атырау облысы экология департаментінің хабарлауынша, аталған факті бойынша ведомствоға ешқандай шағым түспеген.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Желіде Атырау үстінен химикаттар шашылғаны туралы ақпарат тарады. Бұған дәлел ретінде ұшақтан соң аспанда қалған конденсациялық іздері бар сурет жарияланды.

Бұл ақпаратты Атырау облысының әкімдігі жоққа шығарды, деп хабарлады sputnik.kz. 

"Атырау облысы экология департаментінің хабарлауынша, аталған факті бойынша ведомствоға ешқандай шағым түспеген. Атырау облысы аумағында орналасқан атмосфералық ауа сапасын бақылау станциялары да осы оқиғаға байланысты ешқандай шығарындыларды тіркеген жоқ. Ұшу аппараттарымен қандай да болмасын химикаттарды шашу немесе өңдеу туралы пікірлер жалған", – деп хабарлады ведомство.

Мамандардың айтуынша, фотода көрсетілген ақ жолақтар конденсациялық із болып саналады. Олар ауада қозғалған ұшу аппараттарынан кейін атмосферада конденсацияланған ылғалдан, тамшылардан немесе мұз кристалдарынан қалыптасатын іздер.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары