$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев мемлекеттік органдар арасында өкілеттіктерді қайта бөлу туралы заңға қол қойды

Құжатқа сәйкес, ел Үкіметі өзінің бірқатар өкілеттігін министрліктерге береді, ал министрліктердің кейбір өкілеттігі жергілікті атқарушы органдарға (әкімдіктерге) өтеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдар арасында өкілеттіктерді қайта бөлу туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Құжатқа сәйкес, ел Үкіметі өзінің бірқатар өкілеттігін министрліктерге береді, ал министрліктердің кейбір өкілеттігі жергілікті атқарушы органдарға (әкімдіктерге) өтеді.

Білім және ғылым министрлігі қаржы институттары беретін білім беру несиелері мен оның сомасына кепілдік беру қағидаларын бекіту функциясын беруді жоспарлап отыр.

Сыртқы істер министрлігі халықаралық шарттардың орындалуын бақылауға жауапты болады.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне аэротүсірілімдер жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын дербес әзірлеу және бекіту ұсынылады.

Бірқатар министрлік құзырындағы функциялардың бір бөлігі әкімдіктерге беріледі.

Заң жобасы Қазақстан Республикасының 46 заңнамалық актісіне, оның ішінде бюджет пен қылмыстық-атқару кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Сонымен қатар, Білім және ғылым, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің кейбір функцияларын жергілікті атқарушы органдар деңгейіне беру көзделген.

Сондай-ақ, Экология, геология және табиғи ресурстар, Қорғаныс, Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің өкілеттіктерін күшейту мақсатында оларға бірқатар қосымша функциялар беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары