Жаңалықтар 24.11.2021 сағат 20:35

Юрий Ильин Абай шахтасындағы апат туралы: Жұмысшылардың кінәсі – 0 пайыз, жұмыс берушінің кінәсі – 100 пайыз

Үкіметтік комиссия жұмысына Ресей мен Германиядан сарапшылар тартылғанын айтты.
Юрий Ильин Абай шахтасындағы апат туралы: Жұмысшылардың кінәсі – 0 пайыз, жұмыс берушінің кінәсі – 100 пайыз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қарағанды облысының Алтай шахтасындағы төтенше оқиға бойынша құрылған Үкіметтік комиссия жұмысының қорытындысын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қарағанды облысынан онлайн брифингке шыққан министр Юрий Ильин Абай шахтасындағы төтенше оқиға бойынша құрылған Үкіметтік комиссия жұмысына Ресей мен Германиядан сарапшылар тартылғанын айтты. 

«Апат кезінде қайтыс болған жұмысшылардың кінәлілік дәрежесін комиссия 0 пайыз деп бекітті. Яғни, шахтада қайтыс болған және зардап шеккен жұмысшылардың кінәсі дәлелденген жоқ. Жұмыс берушінің кінәсіне келсек, «Арселор Митталс» тарапының 100 пайыз деп танылды», - деген ведомство басшысы кәсіпорынның қауіпсіздік шараларына талайдан бері көз жұмып келгенін қадап айтты. 

«Апаттың алдын алуы мүмкін шаралар осы кезеңде ғана емес, осыдан бұрын да атқарылуы керек болған. Бірақ орындалмаған. Белгілі бір мерзім аралығында осындай шара қабылданбауы да осы жағдайға түрткі болуы мүмкін», - деді министр онлайн брифингіде. 

Еске салсақ, 7 қараша күні Қарғанды облысының Абай шахтасындағы төтенше жағдайдан бірнеше кенші қаза тапқан болатын.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар