Атырауда серіктестік директоры 1 миллиардтан астам теңгені шетелге заңсыз шығарғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, агенттіктің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті «Монтаж-01» ЖШС директорының Қытай Халық Республикасына 2,9 млн-нан астам АҚШ долларын (1 млрд 200 млн теңгеден астам) шығару бойынша заңсыз әрекеттерінің жолын кесті.
«ҚХР тумасы Цуй Цуньде «Монтаж-01» ЖШС-нің Атырау филиалы атынан «Beijing True Fortune International Trading Co., LTD» компаниясымен «Біріктірілген газ-химия кешенінің құрылысы» бойынша техникалық кеңес беру қызметтерін көрсетуге жалған мәміле жасаған», - делінген хабарламада.
Шын мәнінде, консультациялық қызметтер қажет болмаған және көрсетілмеген.
Цуй Цуньдеге 1,3 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.