$ 494.87  520.65  4.91

«Атырау карантинге жабылады»: Әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарады

Атырау облысының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

WhatsApp мессенджерінде Атырауды 10 желтоқсаннан бастап карантинге жабатыны туралы жалған ақпарат тарады. Атырау облысының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Бұл ақпарат негізсіз. 2021 жылғы 8 желтоқсанда Атырау облысының бас санитар дәрігерінің №24 «Атырау облысында шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысы шықты. Мұнда Атырау облысының бас санитар дәрігерінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі №23 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Жаңа қаулыда Атырау облысының толық карантинге жабылғаны туралы мәлімет көрсетілмеген», - деп хабарлады облыс әкімдігінен.

Әкімдік жалған ақпараттарға емес, тек сенімді дереккөздеріне сенім артуға шақырды. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары