$ 494.87  520.65  4.91

Аузынан ақ көбік ағып, өліп қалады: Ақмола облысында белгісіз мал ауруы тарап жатыр

Белгісіз кесел ауданның бір-біріне жақын орналасқан елді мекендерінде көп тіркеліп жатыр.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Ақмола облысында белгісіз мал ауруы тарап, ірі қара жаппай қырылып жатыр. Бір ғана Біржан сал ауданында соңғы 15 күнде кеселден өлген мал саны қырықтан асса, 2 мыңға жуық сиыр ауру жұқтырған, деп хабарлады Stan.kz .

Тұрғындардың айтуынша, малдың аузынан ақ көбік ағып, көп ұзамай өліп қалады екен. Алайда аудандық ветеринария қызметі ірі қарада жиі кездесетін ауыз қуысының шырышты қабатының қабынуы, аусыл сияқты аурулардың вирусын таппаған. Соған байланысты мамандар төрт түрлі ауру белгісі бар малдан сынама алып, Нұр-Сұлтандағы зертханаға жіберген.

Белгісіз кесел ауданның бір-біріне жақын орналасқан елді мекендерінде көп тіркеліп жатыр. Қазіргі таңда Біржан сал ауданындағы 10 ауылда төрт түлікті аман алып қалу үшін мал дәрігерлері емдеу шараларын жүргізуде. Алайда дәрі-дәрмекті мал иелері өздері сатып алуы тиіс. Олардың айтуынша, ауырған ірі қараға салынатын екпенің бағасы қымбат. 7 мың теңге тұратын екпенің бір дозасы тек бір малға ғана жетеді.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары