$ 445.66  474.58  4.78

WBO Әлімханұлының әлем чемпионымен жекпе-жегіне қатысты шешім шығарды

Бұл айқас гонорары шамамен, екі түрлі бөлінеді - 75 пен 25 немесе 80 мен 20.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) әлем чемпионы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) және Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) арасындағы жекпе-жектің промоутерлік саудасы өтетінін жария етті, - деп хабарлайды  Vesti.kz.

WBO боксшылардың өкілдеріне хабарлама жолдаған, ол бойынша тараптар кемі 200 мың доллар ұсыныспен бокс кешін ұйымдастыру құқы үшін таласа алады. Ресми құжатта сауда шарттары көрсетілген.

Бұл айқас гонорары шамамен, екі түрлі бөлінеді - 75 пен 25 немесе 80 мен 20. Оның үлкен бөлігі чемпионға тиесілі, ал азы үміткерге. Ал сауданың шамалай уақыты - 2022 жылдың 15 қаңтары.

Әлімханұлы Twitter-де WBO шешіміне қатысты: "Оңай жұмыс", - деп жазды.

Бұған дейін қазақстандық келесі жекпе-жегі туралы ақпараттың жақын арада шығатыны туралы хабарлаған болатын. Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы Андрадемен жұдырықтасуға міндетті қарсылас ретінде белгіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары