$ 444.22  476.38  4.82

Алматыда экс-полицей зейнеткерлерді тонау дерегін жасырған

Учаскелік инспектор екі адамға бір күн бұрын саяжайын сатқан зейнеткерлердің үйін тонау туралы нұсқау берген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматыда экс-полицей қатысқан тонау қылмысы тергеліп жатыр. Ол қылмыс болатыны туралы хабарламаған. Әлеуметтік желілерде тонау салдарынан екі зейнеткер қаза тапты деген ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хабарламаны Kozachkov offside Telegram-арнасы жариялады. Белгісіз автордың айтуынша, зейнеткерлер саяжайын сатқаны және үйде 17 миллион теңге бар екені туралы ақпаратты орган қызметкері таратқан.

"Есімімді жасырып жариялауды сұраймын. Алматыда Наурызбай ПБ-да ТЖ болды. Учаскелік инспектор екі адамға бір күн бұрын саяжайын сатқан зейнеткерлердің үйін тонау туралы нұсқау берген. Олар ақшаны таба алмай, зейнеткерлерді тұншықтырған. Ұсталғаннан кейін олар учаскелік полиция қызметкері нұсқау бергенін мойындаған. Ол да кінәсін мойындады", - делінген белгісіз автор хабарламасында.

Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінше, зейнеткерлер қаза болғаны туралы хабарлама расталмаған, қылмысты жасады деген күдікпен қаланың 27 жастағы тұрғыны ұсталды.

"Бұдан бөлек, бұрын ішкі істер органдарында жұмыс істеген азамат қылмыс болатыны туралы ақпаратты жеткізбегені, ол үшін жауапкершілікке тартылғаны және Алматы қаласы ПД УҰИ-ға қамауға алынғаны анықталды", - деді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Сондай-ақ, полиция қылмыстық іс бойынша басқа да мәлімет ҚР ҚІЖК 201-бабының талабына сәйкес жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары