$ 444.32  473.33  4.76

Нұр-Сұлтанда үстіне конструкция құлап, қаза тапқан әйелдің балалары халыққа үндеу жасады

Кінәлілер тіпті қоңырау да шалмады, кем дегенде кешірім сұрауға келмеді.

Нұр-Сұлтанда үстіне металл құрылым құлап, қаза тапқан әйелдің балалары қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз анамыздан айырылдық. Оның аты-жөні Ахметжанова Гаухар Сәкенқызы. Ол 56 жаста еді. Ең жақын адамнан - анадан айырылу қандай екенін сөзбен айтып сипаттау мүмкін емес. Анам інім екеумізді тәрбиелеп, өсіру үшін екі жерде жұмыс істеді. Сабырлы, салмақты, мейірімді еді. Анам Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын бітірген, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқан, Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі болған. Ол елорданың тұрғын үй кешендері мен құрылымдарының жобалық және жұмыс жобаларын әзірлеумен айналысқан", - дейді марқұмның қызы Жұлдыз Тұрсынбекова.

22 қазанда Қазгидромет қызметінен жел соғатыны туралы ескерту жарияланған. Ғимарат төбесіне металл конструкциясын орнату жұмысын жүргізген компания ескертуді елемеген. Бұл құрылымның құлауына себеп болды. 15 қабат биіктен құлаған құрылым анамның өмірін қиды", - деп бөлісті марқұмның қызы.

Марқұмға бес ота жасалған. 2021 жылы 14 желтоқсанда Гаухар Ахметжанова қайтыс болды. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінде ҚК-нің 306-бабы "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Анамның өмірі өрескел заңбұзушылықтарға байланысты үзілді. Інім екеуміз жалғыз қалдық. Кінәлілер тіпті қоңырау да шалмады, кем дегенде кешірім сұрауға келмеді. Екі айға жуық өмір үшін күрес кінәлілер тарапынан бейжай өтті. Бізге көмек керек пе деп ешкім сұрамады", - деп қорытындылады қыз.

Бойжеткен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Бас прокурорға, ішкі істер министріне, Жоғарғы Сот төрағасына қайғылы жағдайға назар аударуды өтінді.

Ол Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінен анасының қаза болу себептерін тергеуде табандылық танытуын сұрады.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары