Қайрат Нұртас соңғы уақытта ел назарында. Көпшілік оны жеке өміріне қатысты жиі талқылайды. Отбасымен көп уақыт өткізбей кеткенін байқаған тыңдармандары әнші жұбайымен ажырасып кетті деп болжаған. Енді бірі мұның қауесет екенін айтып ақтайды. Ал әншінің өзі бұған қатысты пікір білдірген жоқ.
Желіде әншінің отырыста ән айтып отырған видеосы тарады. Нұртастың қасында жас қыздардың отырғаны анық байқалады. Мұны көрген жұрт әншіні сөге бастады. Енді бірі мұның жай ғана отырыс екенін айтып ақтап әлек. Келесі бір топ видеода Қайрат емес, арнайы түсірілген видео деп топшылады.
“Қайрат шынымен әйелімен ажырасып кеткен бе?”, “Мен сенбей жүр едім”, “Ажырасқаны туралы айтқан жоқ қой”, “Жас қыздармен қыдырып жүр ме”, “Бұл Қайрат емес, даусын салып қойған”, “Не істесе де өзі біледі ғой, кімнің несі кетті?”, “Туған күн кеші шығар, достары шығар, таныстары шығар, неге жаман ойлайды екен бірден”, “Ешкімнің жұмысы болмасын, мен үшін Қайрат жұлдыз” деп жазды олар.