8 наурызда Шахтинск полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторынан қамауға алынған екі адам қашып кетті. Полиция қашқындарды қолға түсіріп үлгерді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
24 және 25 жастағы екі тұтқын уақытша ұстау изоляторының серуендеу ауласынан қашқан.
"Криминалдық полиция қызметкерлері бірнеше сағат бойы қашқындарды ұстаумен болды. Енді осы факт бойынша ҚК-нің 426 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.