Жаңалықтар 09.04.2022 сағат 15:39

Головкин Муратамен жекпе-жек алдында видео жариялады

Головкин-Муратаның жекпе-жегі шамамен 18:10-да басталады.
Головкин Муратамен жекпе-жек алдында видео жариялады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бүгін, 9 сәуірде Жапонияда IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен WBA "суперчемпион" белбеуінің иегері Риота Мурата арасында жекпе-жек өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық боксшы Twitter-де "Fight day!" деп жазып жаттығу видеосын жариялады.

Айта кетейік, Головкин 2020 жылдың желтоқсанында АҚШ-та поляк Камил Шереметаны нокаутқа түсіріп, 21-ші рет әлем чемпионы атанып, рекорд орнатқаннан кейін рингке шықпады. Ал Мурата 2019 жылдың желтоқсанында канадалық Стивен Батлерге қарсы кездесуде титулын сәтті қорғап шықты.

Еске салайық, қазақстандықтар бүгінгі жекпе-жекті тікелей эфирде көре алады. Бокс кеші Сайтама қаласында өтеді, оны Qazsport және Qazaqstan телеарналары көрсетеді. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 15.00-де басталады. Головкин-Муратаның жекпе-жегі шамамен 18:10-да басталады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар