$ 494.87  520.65  4.91

Тағы төрт әуежайдағы ұшаққа «мина қойылғаны» туралы хабарланды

Жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.

Минск-Нұр-Сұлтан ұшағындағы бомба туралы хаттар бірден төрт әуежайға, соның ішінде астанадағы әуежайға түсті.

«Сәуірдің 8-інен 9-ына қараған түні Нұр-Сұлтан, Ақтау, Көкшетау және Балқаш әуежайларының ақпараттық қызметтері мен электрондық мекенжайларына белгісіз біреулерден Минск-Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшатын ұшақ бортында жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат келіп түсті.  Оқиға орнына алғашқы құтқарушылар жіберілді. Ақпаратты тексеру кезінде жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылар табылған жоқ»  делінген Қазақстан Республикасының лаңкестікке қарсы орталығы  хабарламасында.

Қазір тәртіп сақшылары «әзілкешті» анықтауда, жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша (бес мың айлық есептік көрсеткішке (АЕК) айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына жаза) не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру  бойынша тергеу басталғаны атап өтілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#әуежай #мина