$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда A-parking директоры қамауға алынды

Сот мәліметінше, Alan Parking басшысы екі айға қамауға алынған.

Алматыда A-parking ақылы автотұрақтар операторы саналатын Alan Parking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынды,  деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сот мәліметінше, Alan Parking басшысы екі айға қамауға алынған.

"Тергеу сотының үкімі бойынша, соталды тергеу органының арызы қанағаттандырылып, екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды", - деді Алматы қалалық соты өкілдері.

Мұхтар Базарбаев қандай күдікке ілінгені айтылмаған.

Айта кетейік, былтыр желтоқсанда Қайрат Боранбаевқа тиесілі RR2 компаниясы Alan Parking компаниясының 30 пайыз акциясын сатып алған болатын. Бұған дейін ақылы автотұрақтардың операторы мемлекетке тиесілі болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары