$ 494.87  520.65  4.91

«Бір жарнамадан 6 миллион таптым»: Танымал блогер табысы, қызметі мен жеке өмірі жайлы

Мен ақша жинаған адам емеспін. Көлік, үй алып көрмеппін. Бір пәтерім бар. Анам жүретін көлік бар. Басы артық ақшам жоқ.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Жека деген атпен танылған блогер Жеңіс Омаров TABOO бағдарламасында айтты.

Жеңіс Омаров Мәскеу мен Алматының екі түрлі қала екенін айтады. Адамдары да, табысы да, ақша табу жолдары да әртүрлі. Блогердің ең көп тапқан ақшасы 6 миллион теңге болған екен. 

“Алматыда 22 жасымда бір компаниямен айына 1 миллион теңгеге шарт жасасқанбыз. Жылына 12 миллион теңге. Ол 22 жасар бала  үшін жақсы ақша болды. Ал Мәскеуде бір жарнама үшін шамамен 6 миллион теңге алдым. Жарнамадан ең көп алғаным сол”, – деді ол. 

Блогер би әлемі арқылы музыкаға келген. Кейін фильмдерге түсіп, блогерлікті қолға алған. Қазақ тілін 4 айда үйренген. Бұған мұғалімдерден бөлек, анасының ықпалы көп болған екен. 

“Мен өте ерке бала болдым. Тіпті қазақша бір сөз түсінбедім. Орыс сыныбы мен қазақ мектебінің айырмашылығы көп. Мені анам 2-сыныпта қазақ сыныбына ауыстырып жіберді. Ондағы мұғалімдер бір сөзді білмесең, басыңнан ұратын. Одан бөлек анам түнімен отырып маған қазақша үйретеді. Солай жүріп мен 4 айда қазақша сөйлеп кеттім. Қазір екі тілде де еркін сөйлеймін. Алғаш биге құмарттым. Музыкаға жақын болдым. Шығармашылыққа жақын болдым. Сөйтіп жүріп, блогерлікке келдім”, – дейді Жека. 

Блогер өзінің дамуына үлес қосқан анам деп біледі. Ал өзінің дүниеге қызықпайтын адам екенін айтады. 

“Анам маған жүкті кезде классикалық музыка көп тыңдаған екен. Содан мен де музыкаға жақын болдым. Жалпы анам мені қай салада болсын қолдады. Менің өскенімді, білгенімді қалады. Мен ерекше жақсы көрген, маған көмектескен адам – анам. Мен ақша жинаған адам емеспін. Көлік, үй алып көрмеппін. Бір пәтерім бар. Анам жүретін көлік бар. Өзімнің көлігімді соғып алғанмын. Басы артық ақшам жоқ”, – дейді ол. 

Блогердің басы бос. Алайда сырттай ұнататын ару бар көрінеді. 

“Басым бос. Адамым жоқ. Бір қызды жақсы танимын. Сол қыз керемет әйел болар еді деп ойлаймын. Бірақ арамызда ешнәрсе жоқ. Тек жақсы араласамын”, – деді Жека. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары