Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Первый канал" эфирінде ядролық соғыс қаупі қазір айтарлықтай екенін және бұл қауіпті бағаламауға болмайды деген пікір білдірді. Дегенмен, оның айтуынша, бұл қауіпті тұтатқысы келетіндер де аз емес, деп жазды Tengrinews.kz.
Ол қаңтарда "ядролық бестік" елдері бұл қаруды қолдануға жол бермеу туралы тезисті растағанын еске салды.
"Бұл қағидатты ұстанымымыз. Біз осыған қараймыз. Мен мұндайды қаламайтын едім, сіз айтқандай, құрметті саясаттанушыларға сілтеме жасай отырып тәуекелдер айтарлықтай болғандықтан, мен бұл тәуекелдердің жасанды түрде тұтатылғанын қаламас едім, оны қалайтындар аз емес. Қауіп өте маңызды, ол мүмкін, оны бағаламауға болмайды", - деді Ресей дипломатиясының басшысы.