$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандағы армян диаспорасының өкілдері Тигран Кеосаяннан кешірім сұрауды талап етті

Сенің бетіңе түкіруге қазақтардың тәрбиесі мен мәдениеті жібермейді. Бірақ армяндар міндетті түрде сазайыңды береді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ақмола облысындағы армян диаспорасының өкілдері ресейлік журналист Тигран Кеосаянның Қазақстанға қаратып айтқан дауылы мәлімесіне қатысты пікірін айтып, Кеосаяннан Қазақстан халқынан кешірім сұрауды талап етті.

«Ақмола облысындағы армяндардың атынан сөйлейтін болсақ, Кеосаян көп уақыттан бері Ресей азаматы, оның Арменияда туған-тумағанын ешкім білмейді. Себебі ешкімге қызық емес.

Құрметті қазақстандықтар, отандастар, ол адамның Қазақстан туралы, парад туралы айтқаны бізді, әсіресе армяндарды қорлады», - дейді «Бари» мәдени орталығы жетекшісінің орынбасары Арман Манукян.

Тағы оқыңыз: Тигран Кеосаянға Қазақстанға кіруге тыйым салынуы мүмкін

«Бари» орталығының төрағасы Норик Магламян да әріптесінің сөзін қоштап, Қазақстан ешқашан ұлтқа бөлінбеген көпэтносты мемлекет екенін айтты. Бүгінде Ақмола облысында 2 мыңнан астам армян тұрады.

«Қазақстанға алғаш келгенде Балкашино ауылында тұрдым, қазақтың қандай халық екенін көрдім. Ұлтқа бөлінбедік, бірге жаттығып, бірге оқыдық, жақсы тәрбие алдық. Қазақстанды мақтан тұтамыз, балаларымыздың болашағын Қазақстанмен байланыстырамыз», - дейді Манукян.

Кеосаянның мәлімдемесі Қазақстандағы армян диаспорасының ашуын оятқан. Ол Қазақстандағы армяндарды Кеосаянмен шатастырмауды сұрады.

Тағы оқыңыз: «Ресей сен сияқты жағымпаздарға мұқтаж емес»: Досхан Жолжақсынов Кеосаянға жауап берді (ВИДЕО)

«Мен оның Қазақстанға келіп, мұндағы халықтың қалай өмір сүріп жатқанын көргенін қалаймын. Қазақстан халқының бір-біріне қалай көмектесетінін, демеу беретінін көрсе деймін.

Өтінеміз, кешірім сұра! Егер кешірім сұрамасаң, сен үшін біз кешірім сұраймыз. Меніңше, сенің кешірім сұрауға батылың жетпейді. Қазақ халқына тиісуші болма. Сенің бетіңе түкіруге қазақтардың тәрбиесі мен мәдениеті жібермейді. Бірақ армяндар міндетті түрде сазайыңды береді», - деді армян диаспорасының өкілі.

Ресейлік журналист Тигран Кеосаянның Қазақстанға қатысты мәлімдемесіне ҚР сыртқы істер министрлігі де жауап берген еді.

«Ресей журналисі Тигран Кеосаянның қорлайтын және біржақты сөйлеген сөзі назар аудартады. Мүмкін оның мәлімдемесі ресейлік қоғам мен саяси құрылымның белгілі бір бөлігінің көзқарасын білдіретін шығар, бірақ біздің елдер арасындағы ынтымақтастықтың рухы мен мазмұнына және мемлекет басшылары деңгейіндегі қолданыстағы келісімдерге ешбір жағдайда сәйкес келмейді», - деді СІМ ресми өкілі.

Тағы оқыңыз: Дана Нұржігіт Кеосаян туралы: Қожайынша әкіреңдеген сөзіне қарағанда әкесінің таяғы да,сөзі де өтпеген болып тұр

СІМ баспасөз хатшысы мұндай сөздер «тату көршілік қарым-қатынас атмосферасын улап, стратегиялық әріптестік қарсыластарының қолында ойнайды» деп санайды. Сондай-ақ, Тигран Кеосаян Қазақстанға кіруге рұқсат етілмеген тұлғалардың тізіміне енгізіледі деп ойлайтынын жеткізді.

Тигран Кеосаянның Қазақстанға қаратып айтқан даулы мәлімдемесі мынадай:

«Қазақтар, бауырлар, бұл не қылған құрметсіздік? Сендер Ресей жойылып кетеді деп ойлайсыңдар ма? Марсқа эммиграция жасайды деп ойлайсыңдар ма? Әлде сендер Марсқа эммиграция жасайсыңдар ма? Мен Ресей Федерациясының азаматы ретінде өзімнің жеке пікірімді айтып тұрмын. Украинаға жақсылап қараңдар. Жақсылап ойланыңдар. Біздің жауапты тұлғалар да өзара қарым-қатынас деңгейін қайта бағалап, қайта қарауы керек деп ойлаймын. Өйткені, әрі қарай да осылай болады, қу, зымиян боламыз деп ойласаңдар, ол үшін ештеңе болмайды деп ойласаңдар, қателесесіңдер. Әлем өзгерді. Пойыз кетіп барады. Сендер соңғы вагонға отырып үлгере аласыңдар. Кем дегенде, мен бұған сенемін, өйткені достық аяқталды. Қазір бұл аман қалу мәселесі. Соғыс жүріп жатыр. Үлкен идеялардың, екі үлкен елдің соғысы жүріп жатыр - Америка мен НАТО. Бауырлар елдер жақсылап ойланып, қай жаққа қарай шығу керектігін ойлауы тиіс. Ал біз кім бар, кім жоғын қарастыруымыз қажет. Кем дегенде экономикалық және ақпараттық доктриналарда. Жетер, Қазақстан билігіне көмектесе беруді. Ал сендер парадқа жол бермей жатсыңдар ма? Расымен бе?», - деді Тигран Кеосаян.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары