Түркістан облысындағы жер дауы кезінде ауыл тұрғыны ұлтаралық араздықты қоздыру бабы бойынша мәлімдеме жасаған.
Ер адам ауылдың жеріне басқасын жібермейтінін айтты. Түркістан облысының ПД өкілдері оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«Белгілі болғандай, оқиға күндіз Төле би ауданында жайылымдық жерде болған. Онда жергілікті тұрғындар жайылымдық жерлерді малға бөлу мәселесін талқылаған. Ұятсыз сөздер айтқан ер адам өз кінәсін мойындап, кешірім сұраған», - деді полиция.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Түркістан облысы ІІД бастығы бұл істі өз бақылауына алып, Төлеби ауданына аттанды, деп хабарлады полицейлер. Сондай-ақ, тұрғындармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Қазір аудандағы жағдай тұрақты.
Еске салсақ, telegram-арналардың бірінде Түркістандағы өзбектердің «көршілес ауыл малдарын өзіміздің ауыл маңына жолатпаймыз, қазақтарды кіргізбейміз» деген видеосы тарап, қызу талқыға түскен.