Жаңалықтар 20.05.2022 сағат 14:20

Батыс Қазақстанда қаржы пирамидасы анықталды

Зардап шеккен 14 адамға келтірілген жалпы шығын 15 миллион теңгеге жуық.
Батыс Қазақстанда қаржы пирамидасы анықталды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу
Батыс Қазақстан облысында "GAP" (Global Asar Project) тұтынушылар кооперативінің басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Барлығы қаржы пирамидасын құру және басқару әрекеті үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
 
Тергеу материалдарына сәйкес, 2021 жылы Батыс Қазақстан облысының аумағында тұтынушылар кооперативі құрылған. Олар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін халықтан ақша жинаған. Бірақ, шын мәнінде, ол қаржыны ешқайда салған жоқ.
Ал активтерді қайта бөлу және кейбір қатысушыларды басқа жарналар есебінен байытып отырды. Кооператив жеке тұлғалардан 75 мың теңгені жарна ретінде жинаған.

"Зардап шеккен 14 адамға келтірілген жалпы шығын 15 миллион теңгеге жуық. Пирамиданың негізгі мақсаты - жаңа қатысушыларды тарту. Әдетте, пирамиданың негізін қалаушы қомақты соманы жинап, төлеуді тоқтатады және барлық ақшаны алып кетіп қалады", - дейді агенттік мамандары.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды аса сақ болуға үндеді. Қаржы пирамидаларына тартатын алаяқтардың айла-амалына түспеуге тырысу керек.
 
Қаржы пирамидаларының басты мақсаты - ешбір тәуекелсіз және күш жұмсамай, өз капиталын тездетіп ұлғайту. Соның бәрін сенгіш азаматтар есебінен жасайды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар