$ 494.87  520.65  4.91

Белгісіз біреулер Құлсарының әкімін ұрып-соғып, қолына есірткі ұстатып фотоға түсірген

Ер адамның айтуынша, оған кішкентай пакетте дәрі бар екенін айтқан.

Қазнет Атырау облысы Құлсары қаласының бұрынғы әкімі түсірілген видеоны талқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Telegram-каналдарда жарияланды. Кадрларда Құлсары қаласының экс-әкімі Қаржау Шарғабаев бір буманы көрсетіп, оны басқа адамдардың сұрауы бойынша алуға келгенін айтады. Ер адамның айтуынша, оған кішкентай пакетте дәрі бар екенін айтқан. Экс-әкім видеоны түсіріп тұрған белгісіз адамның сұрақтарына жауап береді, ал Қаржау Шарғабаевтың бетінен көгерген іздер байқалады.

Полиция бұл жағдайды тексеріп жатқанын мәлімдеді.

"Нәтижесін кейінірек хабарлаймыз", - деді Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

Кейін Шарғабаев Facebook парақшасында 19 мамырда біреулер шабуыл жасағанын айтып, бейнехабарлама жариялады. Оның айтуынша, бейтаныс адамдар оны ұрып-соғып, өзін айыптауға мәжбүрлеген. Ер адам денесіндегі ұрып-соғу белгілерін көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары