Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен ұлыбританиялық Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 KO) арасындағы титулдық жекпе-жектің шарттарын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
WBO тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы титулы үшін өтетін жекпе-жек кеші 22 мамырға жоспарланған. Кездесу Лас-Вегаста өтеді. Қазақстанда жекпе-жекті тікелей эфирде "Хабар" арнасы көрсетеді.
Ұйымның шешімі бойынша, Әлімханұлы Дигнумды жеңсе, толыққанды әлем чемпионы болады.
WBO 2022 жылғы 21 мамырда Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өтетін Жәнібек Әлімханұлы мен Дэнни Дигнум арасындағы орта салмақтағы аралық чемпион атағы үшін жекпе-жектің шарттарын хабарлады.
Бұл жекпе-жектің жеңімпазы 180 күн ішінде мына әрекеттерді жасауы керек:
WBO чемпионды рейтингте бірінші орынға қоюды ұсынады, сондықтан "уақытша" чемпион әлемдік атақтың толық иегері болады.