Алматыда World Business Consulting қаржы пирамидасын құру және басқару дерегі бойынша соталды тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігі.
«Ұйымдастырушылары азаматтарға еншілес компаниялардың инвестициялық жобаларына қаражат салуды ұсынды. Бұл компаниялар сыйақыны алуға кепілдік берді. 2018-2021 жылдары WBC қаржы пирамидасына жалпы сомасы 5,8 миллиард теңге тартылды. Соталды тергеп-тексеру барысында жалпы сомасы 4,1 миллиард теңгенің мүлкі тәркіленді», - делінген хабарламада.
ҚМА мәліметінше, сот үкімі бойынша қаржы пирамидасының жетекшілері кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6,8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Сонымен қатар, пирамида схемасының тағы бес ұйымдастырушысына халықаралық іздеу жарияланған.