$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда 10-қабаттағы терезеден сыртқа шығып ойнаған балалардың ата-анасы жазаланды

Маңғыстау облысының полиция департаменті қала тұрғындарына балаларды қараусыз қалдырмауын, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керектігін ескертеді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Кеше Ақтаудағы «Атакент» тұрғын үй кешенінің 10-қабатында терезеден шығып, ернеуінде жүрген балалардың ата-анасы анықталып, жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Ювеналды полиция дереу пәтерге барды. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында кәмелетке толмағандармен, сондай-ақ ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізді. Ата-аналар Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 127-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды» делінген мәлімдемеде.

Маңғыстау облысының полиция департаменті қала тұрғындарына балаларды қараусыз қалдырмауын, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керектігін ескертіп отыр.

Еске сала кетейік, кеше 10-қабаттағы пәтер терезелерінен кіріп-шығып ойнап жүрген 3 қыз бала көшедегі адамдардың көзіне түскенін жазған едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары