$ 498.34  519.72  4.85

«Астана LRT» ісі: Бірнеше тұлғаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Аталған қылмыстық іске қатысты алдын ала тыңдау 2022 жылғы 24 тамыз сағат 10:00-ға белгіленген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Р. М. Аманжолов және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс сотта қаралады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Р. М. Аманжолов және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының іс жүргізуіне қабылданды", - делінген елорда сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аталған қылмыстық іске қатысты алдын ала тыңдау 2022 жылғы 24 тамыз сағат 10:00-ға белгіленген. Еске салсақ, елордадағы LRT-ның құрылысы 2019 жылы сәуірде тоқтатылған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары